Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зенит" футбол клубының бас бапкері Нұралы Әліптің позициясы ауысуы мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Ресейдің "Зенит" (Санкт-Петербург) футбол клубының бас бапкері Сергей Семак команданың кадрлық ресурсы мен орны ауысуы мүмкін ойыншылар туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Зенит" клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сергей Семак Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы, ресейлік командада орталық қорғаушы ретінде ойнап жүрген Нұралы Әліптің позициясы өзгеруі мүмкін екенін меңзеді.

"Бізге ресейлік ойыншылар жетіспейді. Сондықтан қорғаушы, шабуылшы, немесе орталық алаң ойыншысы позициясындағы ресейлік футболшылар артық етпейді

Бізде сол қапталда ойнайтын Дуглас, Караваев бар. Үш қорғаушымен ойнап, құрамамыздағы тағы бір ойыншы Әліптің орнын ауыстыруды қарастыра аламыз. Эракович оң мен сол жақтан да ойнай алады. Ал Дугласқа қатысты мәселе туындаған жағдайда осы позицияны жаба алатын таңдау бар", — деді Семак.

Айта кетейік, 21 қаңтарда "Зенит" футбол клубы Өзбекстанның "Динамо" командасымен жолдастық кездесу өткізіп 5:1 есебімен жеңіске жетті. "Зенит" сапынан Марио Фернандес , Вендел, Андрей Мостовой, Дмитрий Васильев және Педро гол салды. Ал қарсылас командадан Анвар Хожимирзаев пенальтиден көзге түсті. Бұл матчқа Нұралы Әліп бастапқы құрамнан шығып, бірінші таймда ойнады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2056809-zenit-futbol-klubynyn-bas-bapkeri-nuraly-aliptin-poziciyasy-auysuy-mumkin-ekenin-aitty/