Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Унион" футбол клубының бапкері "Бавария" ойыншысын ұрып жіберді (видео)

Жарияланған күні:

Ненад Белица және Лерой Сане
Ненад Белица және Лерой Сане. Фото: Stefan Matzke - sampics/Corbis via Getty Images

Берлиндік "Унион" футбол клубының бас бапкері Ненад Белица мюнхендік "Бавария" командасының ойыншысы Лерой Санеге қол көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футболдан Германия чемпионатының 13-туры аясында "Унион" мен "Бавария" командалары кездесті. Ойынның 74-минутында "Бавария" футболшысы Лерой Сане алаңның сыртына шығып кетке допты ойынға қоспақ болғанда "Унион" бапкері Ненад Белица оны ұрып жіберді. Осы әрекеті үшін бапкер қызыл қағаз алды.

Бұл ойында 1:0 есебімен "Бавария" жеңіске жетті. Матчтың 46-минутында Рафаэль Геррейру көзге түсті.

Футболдан Германия чемпионатының (Бундеслига) турнир кестесінде "Бавария" 44 ұпаймен 2-орынға табан тіреді. Ал "Унион" 14 ұпаймен 15-орынға жайғасқан. Кестеде 48 ұпаймен "Байер" командасы көш бастап тұр.

Айта кетейік, өткен жылы Бундеслигада "Бавария" жеңіске жеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2057512-union-futbol-klubynyn-bapkeri-bavariya-oiynsysyn-uryp-ziberdi-video/