Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барселонаның" бұрынғы ойыншысы сауд арабиялық клубқа ауысты

Опубликовано:

Иван Ракитич
Иван Ракитич. Фото: Fran Santiago/Getty Images

35 жастағы хорватиялық футболшы Иван Ракитич испаниялық "Cевилья" командасынан Сауд Арабияның "Әл-Шабаб" клубына ауысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Cевилья" командасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз Сауд Арабияның "Әл-Шабаб" клубымен Иван Ракитичтің трансфері туралы келісімге келдік", – делінген "Cевилья" футбол клубының ресми сайтында.

Спорт журналисі Фабрицио Романоның жазуынша, келісімшарт 2025 жылдың маусым айына дейін жасалған.

Ракитич 2020 жылы "Барселона" командасынан "Севильяға" оралған еді. Ол футболдан Хорватия ұлттық құрамасының сапында 2018 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ал 2020 жылы ұлттық құрамадан кеткен болатын.

Осы маусымда Иван Ракитич "Севилья" сапында барлығы 27 матч өткізіп, 2 голмен көзге түсті. Transfermarkt порталының мәліметінше, Иванның трансферлік нарықтағы құны – 4 миллион еуро.

Айта кетейік, қазір "Әл-Шабаб" клубы футболдан Сауд Арабия чемпионатының кестесінде 11-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2058397-barselonanyn-buryngy-oiynsysy-saud-arabiyalyq-klubqa-auysty/

pixel