jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Абат Айымбетов жаңа клубта қанша жалақы алатыны белгілі болды

    Абат Айымбетов
    Абат Айымбетов. Фото: instagram/adskulubu

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияның "Адана Демирспор" футбол клубына ауысты. Футболшының жаңа командадағы жалақысы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ футбол инсайдері Ербол Қайыровтың Youtube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия Суперлигасының клубы, "Адана Демирспорға" ауысты. Қос тарап 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасасты. Яғни Абат Түркияның командасында кемінде 1,5 жыл доп тебеді. Егер шабуылшының нәтижелері клуб басшылығының көңілінен шықса, келісімшартты тағы бір жылға созады.

    "Абат "Адана Демирспорға" Ньянгтың орнына келді. Ал сенегалдық шабуылшы осы клубта жылына 700 мың еуро жалақы алатын. Абаттың жалақысы да шамамен осы деңгейде болады. 500 немесе 700 мың еуро", – деді Ербол Қайыров.

    Абаттың жаңа командасы қазір Түркия Суперлигасында 8-орында келеді. 23 матчта 31 ұпай жинады. "Адана Демирспор" футбол клубының сапында Марио Балотелли, Луиш Нани және Флоран сияқты Еуропа футболының алыптары доп тебеді.

    Абат Айымбетов жаңа клубта қанша жалақы алатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.