Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаласам қақпаға тұрғызамын": "Бешікташтың" бапкері Бахтиер Зайнутдинов туралы пікірін айтты

Жарияланған күні:

"Бешікташ" футбол клубы
"Бешікташ" футбол клубы. Фото: Seskim Photo/MB Media/Getty Images

Түркиялық "Бешікташ" футбол клубының бапкері Фернанду Сантуш қазақстандық ойыншы Бахтиер Зайнутдиновтың алаңдағы позициясына қатысты пікір айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бешікташ" командасының Youtube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан Түркия Суперлигасы аясында өткен ойында "Бешікташ" клубы "Трабзонспор" командасын 2:0 есебімен жеңген еді. Бұл кездесуге қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, орталық қорғаушы позициясында ойнады.

Кездесу аяқталған соң баспасөз мәслихаты өтті. Журналистердің бірі "Бешікташтың" бапкері Фернанду Сантушқа Бахтиер Зайнутдиновтың позициясына қатысты сұрақ қойды.

"Құрамада ойыншылар тапшылығы болды. Орталық қорғаушы жоқ болған соң оның орнын Зайнутдинов басты. Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Зайнутдиновтың шабуылшы және шабуылға жақын позицияда жақсы екенін айтты. Қазір бұл футболшыға командада қандай рөл қарастырылып отыр?", – деп сауал жолдады журналист.

Фернанду Сантуш бұл сұраққа қысқа жауап қайтарды.

"Мен Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерін құрметтеймін, бірақ мен "Бешікташтың" бапкерімін. Мен Зайнутдиновты өзім дұрыс деп тапқан жерге қоямын. Қаласам қақпаға тұрғызамын. Бахтиер – кәсіпқой және өте мықты ойыншы", – деді бапкер.

Айта кетейік, Фернанду Сантуш биыл қаңтар айында "Бешікташқа" бас жаттықтырушы болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2059268-qalasam-qaqpaga-turgyzamyn-besiktastyn-bapkeri-baxtier-zainutdinov-turaly-pikirin-aitty/