jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Бауыржан Исламханның жасыл алаңға қашан оралатыны белгілі болды

    Бауыржан Исламхан
    Бауыржан Исламхан. Фото: Mikolaj Barbanell/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

    Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының ойыншысы Бауыржан Исламханның жасыл алаңға қашан оралатыны анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Нұрсұлтан Құрманның Youtube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ордабасы" футбол клубы жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын Түркияда өткізіп жатыр. Командаға өткен жылы қосылған Бауыржан Исламхан да аталмыш дайындыққа ұшып барған еді. Десе де негізгі құрамнан бөлек жаттығып жатқаны белгілі болды.

    "Исламханмен сөйлестім. Бауыржанның айтуынша, әлі алаңға орала алмайды. Кемінде 1-2 ай деп отыр. Ал Асхат Тағыберген жарақаттан толық айыққанын айтты", – деді Sport Plus Qazaqstan арнасының бас редакторы Айбек Қабылша.

    Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ордабасы" футбол клубының 4,2 млрд теңге қарызы әкімнің тапсырмасына сәйкес толықтай жабылған. Сондай-ақ "Ордабасы" УЕФА Чемпиондар лигасына қатысатыны ескеріліп, жергілікті бюджеттен осы жылға 4,3 млрд теңге қаржы бөлінген. Осылайша шымкенттік команда Еурокубок ойындарына қарызсыз қатысатын болды.

    Бауыржан Исламханның жасыл алаңға қашан оралатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.