"Ақтөбе" футбол клубы эквадорлық ойыншы Хосе Франсиско Севальоспен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақтөбе" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
29 жастағы ойыншы екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Transfermarkt порталының хабарлауынша, Севальос эквадорлық "Эмелектен" еркін агент ретінде ауысты. Оның трансферлік құны 800 мың еуроға бағаланған.
Севальос кәсіби мансабын өз еліндегі "ЛДУ Кито" футбол клубында бастады. 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың маусымына дейін италиялық "Ювентус" U19 командасында жалға ойнады. Турин жастар құрамасы сапында 29 матч өткізді. Кейін футболшы бельгиялық "Локерен!, португалиялық "Портимоненсе" және "Эмелекте" өнер көрсетті.
Севальос Эквадор құрамасы сапында үш матч өткізіп, бір гол соқты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2060063-yuventustyn-buryngy-oiynsysy-aqtobege-auysty/