jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Ювентустың" бұрынғы ойыншысы "Ақтөбеге" ауысты

    Хосе Севальос бұрынғы командасында
    Хосе Севальос бұрынғы командасында. Фото: Vincent Van Doornick/Isosport/MB Media/Getty Images

    "Ақтөбе" футбол клубы эквадорлық ойыншы Хосе Франсиско Севальоспен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ақтөбе" командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    29 жастағы ойыншы екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Transfermarkt порталының хабарлауынша, Севальос эквадорлық "Эмелектен" еркін агент ретінде ауысты. Оның трансферлік құны 800 мың еуроға бағаланған.

    Севальос кәсіби мансабын өз еліндегі "ЛДУ Кито" футбол клубында бастады. 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың маусымына дейін италиялық "Ювентус" U19 командасында жалға ойнады. Турин жастар құрамасы сапында 29 матч өткізді. Кейін футболшы бельгиялық "Локерен!, португалиялық "Портимоненсе" және "Эмелекте" өнер көрсетті.

    Севальос Эквадор құрамасы сапында үш матч өткізіп, бір гол соқты.

    "Ювентустың" бұрынғы ойыншысы "Ақтөбеге" ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.