Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар: "Реал" мен "Жирона" соғылған голдарымен алмасады

Жарияланған күні:

"Реал Мадрид" пен "Жирона" матчының аңдатпасы
"Реал Мадрид" пен "Жирона" матчының аңдатпасы. Фото: Parimatch

Маусымның басында "Реал" мен "Жирона" Ла Лига атағына басты үміткер болады деп кім ойлаған? Ал керек болса, дәл солай болып шықты. Олардың кездесуінен не күтуге болады, біз оны Parimatch сарапшыларымен талқылап көрейік.

“Реал Мадрид”

Осы маусымда "Реал" жұртты таңғалдыруда. Командада жарақат эпидемиясы болды, Карло Анчелотти "доппен не істеу керегін білмесең - Джуд Беллингемге бер" деген қарабайыр стилі үшін сынға алынды. Бірақ аталған стильдің нәтижесі де жоқ емес. Елеулі айырмашылықсыз болса да, "кілегейлілер" Ла Лигада көш бастап тұр. Дегенмен, кейде Испания Кубогындағы "Атлетико" командасының ауыр соққысына ұшырағаны да бар. 

"Жиронамен" өтетін матч - мадридтіктердің екінші орыннан 5 ұпайға алға шығу мүмкіндігі, сондықтан олар оны пайдалану үшін бәрін жасайды. "Реалда" әдеттегідей Тибо Куртуа, Давид Алаба және Эдер Милитао жарақаттанған. Жаңа шығындардың ішінде - Антонио Рюдигердің жарақаттануы, неміс ойыншысының каталондықтармен матчқа қатысуы сұрақ астында.

"Реалдың" соңғы 5 матчы (3-1-1, 10-8)

Ла Лига. "Реал Мадрид" - "Атлетико" 1:1

Ла Лига. "Хетафе" - "Реал Мадрид" 0:2

Ла Лига. "Лас Пальмас" - "Реал Мадрид" 1:2

Ла Лига. "Реал Мадрид" - "Альмерия" 3:2

Испания кубогы. "Атлетико" - "Реал Мадрид" 4:2

“Жирона”

"Жирона" құрамы шын мәнінде чемпиондық үшін емес, еурокубок аймағынан ұшып кетпеуі үшін күресуі керек. Бірақ Мичельдің командасы шамасы келмесе де, ышқынатын сияқты. Шын мәнінде, "Реал Сосьедадпен" матчта каталондықтар ұпай жоғалтып алған болатын, біріншіліктің көктемгі кезеңіне бір қадам қалғанымен, жарыстан бас тартайын деп тұрған жоқ. Ұзақ уақыт бойы жарақаттанғандардан басқа, нидерландылық ардагер футболшы Дэйли Блинд пен колумбиялық жартылай қорғаушы Янгель Эррера "Реал Мадридпен" шайқасқа сары қазағдардың көптігіне байланысты қатыса алмайды.

"Жиронаның" кейінгі 5 матчы (3-1-1, 11-5)

Ла Лига. "Жирона" - "Реал Сосьедад" 0:0

Ла Лига. "Сельта" - "Жирона” 0:1

Испания кубогы. "Мальорка" - "Жирона" 3:2

Ла Лига. "Жирона" - "Севилья" 5:1

Испания кубогы. "Жирона" - “Райо Вальекано" 3:1

Жеке кездесулері

Ла Лиганың бірінші айналымында "Реал" - "Жиронаны" 3:0 есебімен талқандаған, бірақ өткен чемпионаттың соңында 4:2 есебімен жеңіліс тапты.

Болжам

Бір әзіл бар - қайсына ұтыс тігу керегін білмесеңіз, "екеуі де гол соғады" нұсқасын таңдаңыз. Бірақ осы матчта бұл әзіл іске асатын сияқты. "Реал" да, "Жирона" да шабуыл жасауды жақсы көреді және оны қалай жасау керектігін біледі, алайда сонымен бірге керемет қорғанысымен мақтана алмайды. Сондықтан, "екеуі де гол соғады - иә" нұсқасына ұсынылған 1.62 коэффициенті тартымды көрінеді.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2060201-sarapsylar-real-men-zirona-sogylgan-goldarymen-almasady/