jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Холанд, Алаба және Облак: елімізге Ұлттар лигасы аясындағы матчтарға футбол жұлдыздары келеді

    футболшылар
    Бензема мен Холанд. Фото: Twitter/UEFA Champions League

    Биыл Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Бұл материалда қарсылас команда сапындағы атақты футбол жұлдыздары жайлы жаздық. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Қазақстан құрамасы 3-топта Аустрия, Норвегия және Словениямен ойнайды. NUR.KZ тілшілері осы командалардың он ойыншысы туралы жазды.

    Эрлинг Холанд (23 жаста, шабуылшы)

    Эрлинг Холанд
    Эрлинг Холанд. Фото: Visionhaus/Getty Images

    Эрлинг – англиялық Джуд Беллингем және франциялық Килиан Мбаппемен бірге әлемдегі ең қымбат үш футболшыларының бірі. Норвегиялық ойыншының трансферлік құны – 180 миллион еуро. Ол әлі күнге дейін үздік ойыншылар қатарындағы орнын сақтап отыр. Холанд Норвегия ұлттық құрамасы сапындаңы екінші үздік сұрмерген (27 гол). Өткен маусымның соңында Холанд "Манчестер Сити" сапында ойнап, Ағылшын Премьер-лигасында соққан 36 голы үшін "Алтын бутсы" жүлдесін жеңген. "Алтын доп" жүлдесін табыстауға байланысты жиналған дауыс саны бойынша Лионель Мессиден кейін екінші орынға ие болды.

    Мартин Эдегор (25 жаста, жартылай қорғаушы)

    Мартин Эдегор
    Мартин Эдегор. Фото: Stuart MacFarlane/Arsenal FC via Getty Images

    Норвегия футбол құрамасының капитаны, командалық ойында шабуылдаушы мен қорғаушылардың арасын байланыстыратын ойыншы. Әдетте оның негізгі позициясы орталық жартылай қорғаныс шебінде. Ол ойын алаңын алақанда жатқандай көре алады, қиын пас бере алады немесе кез келген қашықтықтан қақпаға қауіп төндіретін соққылар жасай алады. Ұлттық құрамада ғана емес, англиялық "Арсенал" тобында да жетекші рөл атқарады.

    Фредрик Эурснес (28 жаста, жартылай қорғаушы)

    Футболшы Фредрик
    Футболшы Фредрик. Фото: Carlos Rodrigues/Getty Images

    Фредрик те көп қырлы, жоғары деңгейлі орталық жартылай қорғаушы. Оның талабы жайлы кеш белгілі болған, бірақ қазір Норвегия құрамасында өз орнын тапты. Нидерландық "Фейеноорд" клубындағы сәтті маусымнан кейін португалиялық "Бенфикаға" ауысты.

    Давид Алаба (31 жаста, қорғаушы)

    Давид Алаба
    Давид Алаба. Фото: Alex Caparros/UEFA via Getty Images

    Аустрия құрамасының ең әйгілі ойыншысы және капитаны. Өз елінде жылдың он дүркін футболшысы атанған. Ұзақ уақыт бойы алаңның сол жақ қорғаушысы позициясында ойнады, бірақ қазір испаниялық "Реал Мадрид" клубының атынан орталық қорғаушы позициясында жиі ойнап жүр. Оның соққысы жақсы әрі алыс пас бере алады. Сондықтан көбіне стандарт орындайды. Қазір "Бавария" футбол клубының ойыншысы.

    Конрад Лаймер (26 жаста, жартылай қорғаушы)

    Конрад Лаймер
    Конрад Лаймер. Фото: Harry Langer/DeFodi Images via Getty Images

    Конрад Аустрия құрамасында трансфер құны бойынша Алабадан кейінгі екінші орында. Жартылай қорғаушы позициясында да, қорғаушы позициясында да ойнай алатын футболшы. Зальцбургтік "Ред Буллда" Аустрияның үш дүркін чемпионы атанған, ал атауы жағынан ұқсас Лейпциг клубында екі рет Германия кубогын жеңіп алған. Осы маусымнан бастап Германияның басты грандында — мюнхендік "Бавария" сапында ойнайды.

    Марсель Забитцер (29 жаста, жартылай қорғаушы)

    Марсель Забитцер
    Марсель Забитцер. Фото: Marcel Engelbrecht - firo sportphoto/Getty Images

    Марсель орталық қорғаушы позициясында және шабуылшы болып та ойнай алады. Аустрия құрамасының тәжірибелі ойыншыларының бірі және сол елдің 2017 жылғы үздік футболшысы. Ол өзінің мансабында германиялық "РБ Лейпциг" пен "Бавария" әрі англиялық "Манчестер Юнайтед" командаларында ойнаған. Қазір ол Дортмундтың "Боруссиясында" ойнап жүр.

    Марко Арнаутович (34 жаста, шабуылшы)

    Арнаутович
    Арнаутович. Фото: Mattia Ozbot - Inter/Inter via Getty Images

    Аустрия құрамасының тәжірибелі ойыншысы. Ұлттық құрама сапында өткізген матчтары бойынша рекордсмен (111) әрі тарихындағы екінші сұрмерген (36 гол). Аустрияда 2018 жылдың үздік футболшысы атанды. Клуб деңгейіндегі басты жетістігі — италиялық "Интер" құрамындағы Чемпиондар лигасын жеңген. Марко Арнаутович жалдамалы ойыншы ретінде әлі күнге дейін италиялық "Болонья" команданың атынан ойнап жүр. Сондай-ақ өзінің мансабында форвард голландиялық "Твентеде", германиялық "Вердерінде", англиялық "Сток Ситиде" және "Вест Хэмде" ойнаған.

    Кристоф Баумгартнер (24 жаста, жартылай қорғаушы)

    Кристоф Баумгартнер
    Кристоф Баумгартнер. Фото: Jan Woitas/picture alliance via Getty Images

    Аустрия құрамасының шабуыл шебіндегі негізгі футболшыларының бірі. Кристоф жартылай қорғаушы ретінде де, шабуылшы позициясында да ойнай алады. Ол өзінің кәсіби мансабын германиялық "Хоффенхаймында" бастады, бірақ былтыр жазда "РБ Лейпцигке" ауысты. Кристоф қазіргі команда құрамындағы негізгі орын үшін күресіп жүр.

    Ян Облак (31 жаста, қақпашы)

    Қақпашы Ян Облак
    Қақпашы Ян Облак. Фото: Ulrik Pedersen/NurPhoto via Getty Images

    Ең қымбат ойыншы, Словения құрамасының басты жұлдызы әрі капитаны. Соңғы жылдары ол әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірі атанды. Оның реакциясы мен рефлексі керемет және алаңда көшбасшы рөлін атқарады. 2014 жылдан бері ол Мадридтің "Атлетико" сапында ойнап, чемпионат пен Испания, Еуропа лигасының әрі УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.

    Беньямин Шешко (20 жаста, шабуылшы)

    Словениялық футболшылардың жас буыны әрі жарық таланты. Ол он гол соғып, ұлттық құрама тарихындағы үздік бомбардирлердің ондығына кірді. Беньяминнің қазіргі құрамдағы трансферлік құны жағынан Облактан кейін екінші орында. Ұлттық құрамасының атынан ойнаған кезде соңғы голын Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы ойнағанда соққан. Ол клубтық деңгейдегі кәсіпқой мансабын аустриялық "Ред Булл Зальцбург" клубынан бастады, биылғы маусымнан бастап ол германиялық "РБ Лейпциг" клубында ойнайды.

    Холанд, Алаба және Облак: елімізге Ұлттар лигасы аясындағы матчтарға футбол жұлдыздары келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.