Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абат Айымбетов әріптесі Марио Балотеллидің "жұлдыз ауруы" жайлы айтты

Жарияланған күні:

Марио Балотелли
Марио Балотелли. Фото: Ivan Romano/Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркиялық клубтағы алғашқы күндері қалай өткенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының Youtube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше, 18 ақпанда Абат Айымбетов өнер көрсететін "Адана Демирспор" футбол клубы "Аланьяспор" ұжымына қарсы матч өткізді. Десе де Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Абат қосалқы құрамда қалып, ойынға қатыспады. Оның орнына Марио Балотелли доп тепті. Айымбетов матчтан кейін БАҚ өкілдерімен кездесіп, Түркия чемпионатындағы алғашқы күндері және әріптестері жайлы пікірін айтты.

"Марио – жақсы жігіт. Әріптестерім жақсы қабылдады. Ешкімнің "жұлдыз ауруы" жоқ. Команда өте керемет, маған ұнап жатыр. Жаңа клубқа қосылғаныма екі апта ғана болды. Басында кішкене қиыншылықтар болды, десе де төзімді. Бірақ әріптестерім сіңісуіме көмектесіп жатыр.

Қасымдағы көршім – Әзербайжан ұлттық құрамасының қақпашысы. Шах бауырым командаға үйреніп кетуіме көмектесті. Білмегенімді сол жігіттен сұраймын. Бұйырса, жақсы өнер көрсетемін деп ойлаймын", – деді Абат Айымбетов.

Айта кетейік, халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2061737-abat-aiymbetov-ariptesi-mario-balotellidin-zuldyz-auruy-zaily-pikirin-aitty/