jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан ұлттық құрамалардың рейтингі жаңарды: Қазақстан нешінші орында

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы: kff.kz

    Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ FIFA ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған рейтингтегі алғашқы 10 орын өзгеріссіз қалды. Қазақстан құрамасы 100-орыннан қозғалған жоқ. Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен Тәжікстан 99-орынға көтерілсе, Қырғызстан 104-орынға төмендеді. Ал Өзбекстан құрамасы 2 сатыға жоғарылап, 66-орынға табан тіреді. Түрікменстан 141-орнын сақтап қалса, Әзербайжан 1 сатыға көтеріліп, 113-орынға жайғасты.

    FIFA қауымдастының жаңартылған рейтингі:

    • 1. Аргентина;
    • 2. Франция;
    • 3. Англия;
    • 4. Бельгия;
    • 5. Бразилия;
    • 6. Нидерланд;
    • 7. Португалия;
    • 8. Испания;
    • 9. Италия;
    • 10. Хорватия;
    • 38. Ресей;
    • 66. Өзбекстан;
    • 99. Тәжікстан;
    • 100. Қазақстан;
    • 104. Қырғызстан;
    • 113. Әзербайжан;
    • 141. Түрікменстан.

    Еске салайық, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың үздік 700 клубының рейтингін жасаған еді. Бұл тізімде "Астана" командасы 39 сатыға төмендеді.

    Футболдан ұлттық құрамалардың рейтингі жаңарды: Қазақстан нешінші орында

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.