Аргентиналық футболшы Лионель Месси сегізінші "алтын добын" испаниялық "Барселона" клубының мұражайына табыстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ журналист Микель Бласкестің X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналистің жазуынша, Месси қазір "Барселона" клубында ойнамаса да, сегізінші "алтын добы" осыған дейін алған жүлделерімен бір жерде сақталғанын қалаған.
Айта кетейік, Месси 2023 жылы сегізінші рет "алтын доп" иегері атанды. Сонымен қатар 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019 және 2021 жылдары да бұл марапатты жеңіп алған еді.
Аргентиналық футболшы 2023 жылдың шілдесінен бері америкалық "Интер Майами" командасында ойнайды. Месси бұл клубпен 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқан. 36 жастағы футболшы осы маусымда барлық турнирде 14 матчқа қатысып, 11 голмен және 5 нәтижелі паспен көзге түсті.
Transfermarkt порталы Мессидің трансферлік нарықтағы құнын 35 миллион еуроға бағалап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2062105-lionel-messi-segizinsi-altyn-dobyn-barselona-murazaiyna-tabystady/