Футболдан Қазақстан құрамасының және "Бешікташ" командасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Түркия чемпионатында дисквалификация алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Кеше, 25 ақпанда "Бешікташ" футбол клубы Суперлиганың 27-туры аясында "Истанбулспормен" кездесті. Бахтиер Зайнутдинов ойынның 87-минутында алаңға шығып, екінші таймның қосымша уақытында сары қағаз алды.
Бұл қазақстандық ойыншының чемпионаттағы төртінші сары қағазы болды. Осылайша Зайнутдинов 3 наурызда "Бешікташ" пен "Галатасарай" арасында өтетін ойыннан шеттетілді.
"Бешікташ" пен "Истанбулспор" арасындағы кездесу 2:0 есебімен "Бешікташтың" пайдасына шешілді. Жеңімпаздар сапынан Семих Кылычсой мен Эрнест Мучидің гол салды. Қазір "Бешікташ" турнир кестесінде 46 ұпаймен 4-орында тұр.
Еске салайық, Бахтиер Зайнутдинов "ЦСКА" футбол клубының жаттығу жиынына қайта оралғанын жазғанбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2062983-baxtier-zainutdinov-mausymnyn-negizgi-matctarynyn-birinen-settetildi/