jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Бахтиер Зайнутдинов "ЦСКА" футбол клубының жаттығу жиынына қайта оралды

    Бахтиер Зайнутдинов
    Бахтиер Зайнутдинов. Фото: instagram/pfc_cska

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов мәскеулік "ЦСКА" клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ЦСКА" командасының Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бахтиер 2020-2023 жылғы маусым аралығында мәскеулік "ЦСКА" футбол клубында өнер көрсеткен. Өткен жылдың жазында осы командадан Түркияның "Бешикташ" командасына ауысқан еді.

    "Бұрынғы әріптестерімді қатты сағынып қалыппын. Сол себепті мүмкіндік туа сала, демалыс күні ұшып келдім", – деді Бахтиер.

    Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдиновтың қазіргі командасы, "Бешикташ" Түркия Суперлигасының 4-орнында келе жатыр. 25 ойында 43 ұпай жинап, Конференция лигасына жолдама алуға жақын. Десе де 3-орында тұрған "Трабзонспор" ұжымында да 43 ұпай.

    Бахтиер Зайнутдинов "ЦСКА" футбол клубының жаттығу жиынына қайта оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.