jitsu gif
Спорт

    Абат Айымбетов түрік клубындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

    "Адана Демирспор" ойыншылары
    "Адана Демирспор" ойыншылары. Фото: instagram.com/adskulubu/

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Түркияның "Адана Демирспор" футбол клубы сапында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық футболшының командасы өз алаңында "Фатих Карагумрук" клубын қабылдады. Кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

    Кездесу барысындағы жалғыз голды "Манчестер Сити", "Ливерпуль" және Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы Марио Балотелли соқты. Ойынның 27-минутында айып добын сәтті орындады.

    Айта кетейік, Айымбетов ойынды қосалқы құрамда бастап, 69-минутта Балотеллидің орнына алаңға шықты.

    Бұл "Адана Демирспордың" 2024 жылдағы алғашқы жеңісі және клуб қазіргі уақытта Түркия Суперлигасының кестесінде 9-орында тұр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.