jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Реал Мадридтің" 19 жастағы футболшысы Испания рекордын жаңартты

    Арда Гюлер
    Арда Гюлер. Фото: instagram.com/ArdaGuler

    Түркиялық футболшы Арда Гюлер "Реал Мадрид" сапындағы алғашқы голын соқты және рекорд жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ла Лиганың 28-туры аясында "Реал Мадрид" пен "Сельта" командалары кездесті. Бұл матч 4:0 есебімен мадридтік клубтың пайдасына шешілді.

    Ойынның 94-минутында 19 жастағы жартылай қорғаушы Арда Гюлер мергендік танытты. Opta Jose агенттігінің хабарлауынша, Арда Ла Лигада гол соққан ең жас (19 жас 14 күн) түркиялық ойыншы атанды. Ол 2017 жылы 20 жасында гол салған Эмре Мордың рекордын жаңартты.

    Еске салайық, Арда Гюлер 2023 жылы түркиялық "Фенербахче" футбол клубынан "Реал Мадридке" ауысқан еді. Trasnfermarkt порталының мәліметінше, оның трансферлік нарықтағы құны – 15 миллион еуро.

    Қазір Ла Лиганың турнир кестесінде "Реал Мадрид" 69 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынға "Жирона" (62 ұпай) жайғасса, үздік үштікті "Барселона" (61 ұпай) түйіндеген.

    "Реал Мадридтің" 19 жастағы футболшысы Испания рекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.