Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті қызметінен кетті: себебі белгілі болды

Жарияланған күні:

Олжас Абраев
Олжас Абраев. Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті Олжас Абраев басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Олжас Абраев Sport Plus Qazaqstan медиа-тобының бас директоры қызметіне сайланды.

Сонымен қатар Олжас Шәкенұлы ҚФФ халықаралық жобалары бойынша Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі ретінде қызметін жалғастырады.

"Қазақстан футбол федерациясы Олжас Шәкенұлына жаңа қызметінде табыс тілейді", – деп жазды федерация баспасөз қызметі.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев азаматтығын ауыстырып жатқан ресейлік шабуылшы Ыдырыс Умаев туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2066124-qazaqstan-futbol-federaciyasynyn-birinsi-vice-prezidenti-qyzmetinen-ketti-sebebi-belgili-boldy/