Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір тиын да төлемейміз": ресейлік футболшы Қазақстан құрамасы сапына қосылуы мүмкін

Опубликовано:

Ыдырыс Умаев
Ыдырыс Умаев. Фото: instagram.com/fcaktobe_official/

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев азаматтығын ауыстырып жатқан ресейлік шабуылшы Ыдырыс Умаев туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Qazsport арнасының YouTube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ыдырыс Умаев 25 жастағы "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы. Оның әкесі Қазақстанда туған. Адиевтің айтуынша, ақтөбелік шабуылшы құрамда қалған бос позицияны жабады.

"Ұлттық құрама сапында Умаев үшін бос орын сақтап отырмыз. Ол құжаттарын дайындап, жақында Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдайтынын естідім. Ыдырыстың өзі бұл туралы бірнеше рет айтқан. Мен бұл ойыншы командаға көмектеседі деп ойлаймын.

Егер бәрі жақсы болса, мен оны оқу-жаттығу жиынына шақырамын. Оның әлеуетін білемін, ол біздің шабуылымызға күш қосатыны сөзсіз. Ыдырыс жылдам қарсы шабуылға өте ыңғайлы және тез жүгіреді. Оның үстіне ол гол соғуды көзейтін футболшы – бізде ондай адамдар көп емес", – деді Адиев.

Ұлттық құраманың бас бапкері бұл оқиға өткен жылы Қазақстан азаматтығын қабылдаған Александр Зуевтің жағдайымен бірдей екенін атап өтті. Адиевтің айтуынша, екі ойыншы да өз тарапынан бұл процестен өтуге ниет білдіріп, онымен өз бетінше айналысқан.

"Мен барлығына айтамын, бұл жерде ешқандай көмек жоқ. Футбол федерациясының ұстанымы да осындай. Адам өзі азаматтығын ауыстыруға ниет білдіреді және оны алады. Бұл да патриоттықтың белгісі. Ешкім оған дайын паспорт алып келген жоқ.

Кейбір футболшылар оларға ақша берсең ғана Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында ойнаймын дейді. Бұл нұсқа толық жойылды, ешкімге бір тиын да төленбейді. Адамның өзі азаматтық алып, ұлттық құраманың жейдесін кигісі келуі керек және ниетін алаңда да көрсету керек", – деді бапкер.

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші турында Умаев "Қайсарға" дубль жасап, бомбардирлер жарысында көш бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2064758-bir-tiyn-da-tolemeimiz-reseilik-futbolsy-qazaqstan-quramasy-sapyna-qosyluy-mumkin/

pixel