jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасының ширек финалында ойнайтын командалар анықталды

    "Атлетико Мадрид" футбол клубының ойыншылары
    "Атлетико Мадрид" футбол клубының ойыншылары. Фото: Burak Akbulut/Anadolu via Getty Images

    Футболдан Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шыққан клубтар белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UEFA ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ширек финалға 8 команда жолдама алды. Олар: "Арсенал" (Англия), "Барселона" (Испания), "ПСЖ" (Франция), "Бавария" (Германия), "Манчестер Сити" (Англия), "Реал Мадрид" (Испания), "Боруссия" (Дортмунд, Германия) және "Атлетико Мадрид" (Испания).

    Ертең, 15 наурызда Швейцарияның Ньон қаласында 1/4 финалдың жеребесі тартылады. Алғашқы матчтар 9 және 10 сәуірде, қарымта ойындар 16 және 17 сәуірде өтеді. Ал Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Лондондағы Уэмбли стадионында болады.

    Айта кетейік, 2023 жылы Чемпиондар лигасын "Манчестер Сити" футбол клубы жеңген еді. Англиялық клуб финалда Италияның "Интер" командасын 1:0 есебімен ұтқан. Матчтың жалғыз голын 68-минутта Родриго Эрнандес салған болатын. Биыл "Манчестер Сити" жетінші мәрте Чемпиондар лигасының ширек финалына шығып отыр.

    Чемпиондар лигасының ширек финалында ойнайтын командалар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.