Бахтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов футболдан Қазақстан құрамасының сапына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркиялық "Бешікташ" футбол клубында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов пен "Адана Демирспор" командасының футболшысы Абат Айымбетов футболдан Қазақстан құрамасының Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына барды.
"Кім келгенін қарасаңыздаршы. Баха мен Абат қосылды. Ертең Нұралыны күтеміз", – делінген Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы жазбасында.
Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 21 наурызда Ұлттар лигасының плей-офф сатысында Грекияға қарсы ойын өткізеді. Егер жеңсе Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады.
Еске салайық, 14 наурызда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясында Түрікменстан командасымен жолдастық ойын өткізді. Матч 2:0 есебімен Магомед Адиевтің шәкірттерінің пайдасына шешілді. Қазақстан құрамасы сапынан Ислам Чесноков (2-минутта) және Александр Зуев (47-минутта) гол салды. Бұл ойын екі жақтың шешімі бойынша жабық түрде өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2069982-endi-nuraly-alipti-kutemiz-zainutdinov-pen-aiymbetov-ulttyq-qurama-sapyna-qosyldy/