jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Енді Нұралы Әліпті күтеміз": Зайнутдинов пен Айымбетов ұлттық құрама сапына қосылды

    Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов
    Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов. Фото: instagram.com/kff_team

    Бахтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов футболдан Қазақстан құрамасының сапына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркиялық "Бешікташ" футбол клубында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов пен "Адана Демирспор" командасының футболшысы Абат Айымбетов футболдан Қазақстан құрамасының Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына барды.

    "Кім келгенін қарасаңыздаршы. Баха мен Абат қосылды. Ертең Нұралыны күтеміз", – делінген Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы жазбасында.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 21 наурызда Ұлттар лигасының плей-офф сатысында Грекияға қарсы ойын өткізеді. Егер жеңсе Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады.

    Еске салайық, 14 наурызда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясында Түрікменстан командасымен жолдастық ойын өткізді. Матч 2:0 есебімен Магомед Адиевтің шәкірттерінің пайдасына шешілді. Қазақстан құрамасы сапынан Ислам Чесноков (2-минутта) және Александр Зуев (47-минутта) гол салды. Бұл ойын екі жақтың шешімі бойынша жабық түрде өтті.

    "Енді Нұралы Әліпті күтеміз": Зайнутдинов пен Айымбетов ұлттық құрама сапына қосылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.