Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекияны жеңсе, Грузия командасымен Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бүгін, 21 наурызда Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында Грузия құрамасы өз алаңында Люксембург командасын қабылдады. Ойын 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Қазақстан құрамасы бүгін, 21 наурызда Ұлттар лигасының келесі жартылай финалында Грекияға қарсы ойын өткізеді. Жеңген жағдайда 26 наурызда Грузия құрамасымен Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады.
Грекия – Қазақстан матчы сағат 00:45-те басталады және "Qazsport", "Qazaqstan" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын Грекия астанасы Афинадағы "Айя-София" стадионында өтеді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы ойынын тамашалайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2072061-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasy-grekiyany-zense-qai-komandamen-oinaityny-anyqtaldy/