Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы ойынын тамашалайды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүздеген мың қазақстандықтар секілді бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчын тамашалайды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Президент шын жүректен біздің жігіттерді қолдайды және жеңіс үшін қолдан келген барлық мүмкіндігін жасайтынына сенеді", – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, бүгін, 21 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойын өткізеді. Матч сағат 00:45-те басталады және "Qazsport", "Qazaqstan" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияны жеңген жағдайда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады. Футболдан Еуропа чемпионаты 14 маусым – 14 шілде аралығында Германияда өтеді.

Еске салайық, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2072049-toqaev-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-grekiyaga-qarsy-oiynyn-tamasalaidy/

pixel