Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы келісімшарты туралы айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бапкер Магомед Адиев
Бапкер Магомед Адиев. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекиядан жеңілгеннен кейін командадағы болашағы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының YouTube-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, 22 наурызда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясында Грекия құрамасымен кездесіп, ірі есеппен жеңілген болатын.

– Менің назарым келесі ойында. Әзірге менің барлық ойым сол матч туралы, – деді Магомед Адиев.

– Ресейден ұсыныс түсті ме?

– Люксембургке қарсы матчты өткізіп алайық, содан кейін федерация президентімен бәрін талқылаймыз деп шештік.

– Өзіңіз үшін шешім қабылдадыңыз ба, әлде әлі ойланып жүрсіз бе?

– Менің жалғыз жауабым осы.

26 наурызда Қазақстан ұлттық құрамасы Люксембургпен жолдастық кездесу өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2073066-magomed-adiev-qazaqstan-ulttyq-quramasy-sapyndagy-kelisimsarty-turaly-aitty/