Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футбол клубының бұрынғы ойыншысы лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Ғани Қайназаров
Ғани Қайназаров. Фото: qfl.kz

Qazaqstan Football League-ның вице-президенті лауазымына Ғани Қайназаров тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QFL-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғани Қайназаров жаңа қызметінде лиганың спорт бөліміндегі барлық аспектісіне жауап береді. Сондай-ақ вице-президент спорттық турнирлерді ұйымдастырумен және бақылаумен шектелмей, клубтармен тығыз қарым-қатынаста болып, лигада туындаған сұрақтар мен мәселелерді шешуге атсалысады. Бұдан бөлек ол қатысушылар үшін әділ және ашық ойынды қамтамасыз етіп, барлық ережелер мен нормативтік құжаттардың қатаң сақталуын қадағалайды.

Айта кетейік, Ғани Қайназаровтың футболдағы тәжірибесі мол. Ол "Тараз", "Қайрат", "СКИФ" клубтарында ойнап, ұлттық құраманың да намысын қорғады. Ойын мансабын аяқтаған соң, "Тараз", "Астана" футбол клубтары мен Қазақстан футбол федерациясының басшылық лауазымдарында қызмет атқарды. 2022 жылдың 11 наурызынан бастап ҚФФ құрама командалар Департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2077589-qairat-futbol-klubynyn-buryngy-oiynsysy-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel