jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Таразда жолдастық матч өткізді

    "Қазақстан" мен "Қырғызстан" құрамалары арасындағы матч
    "Қазақстан" мен "Қырғызстан" құрамалары арасындағы матч. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстанға қарсы бақылау ойынында жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Тараз Арена" cпорт кешенінде жабық режимде өткен матч 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

    Алғашқы голды 2-минутта Қырғызстан командасынан Қайрат Құбанышев ашты. 11-минутта Шыңғыс Есенаманов есепті теңестірді. Арада 12 минут өткен соң Құбанышев дубль авторы атанды. Кейін Қазақстан құрамасы сапынан Азат Валиуллин (39-минутта) мен Батырхан Кенжеғали (40-минутта) гол соғып, команданы жеңілістен құтқарып қалды.

    Енді 7 және 9 сәуір күндері Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар "Тараз Арена" спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Таразда жолдастық матч өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.