Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалай ойнау керек екенін білмейді": футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері сынға ұшырады

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: fc-akhmat.ru

Мәскеулік "ЦСКА" командасының бұрынғы ойыншысы Владимир Пономарев футболдан Қазақстан құрамасының және ресейлік "Ахмат" клубының бас бапкері Магомед Адиев туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Матч ТВ" телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

20 сәуірде "Ахмат" футбол клубы Ресей Премьер лигасының 25-туры аясында "ЦСКА" командасына қарсы ойнайды. Владимир Пономарев осы матчқа болжам жасады.

"Қазір "Ахматтың" бас бапкері ауысқалы бері өте қиын процесс жүріп жатыр. Өткен турда олар "Балтикадан" ірі есеппен жеңіліп қалған еді. Бапкер қалай ойнау керегін білмейтіні сезіледі. Оған командаға бейімделу керек. Сондықтан "ЦСКА" үш гол салып, жеңетініне күмәнім жоқ. Себебі қарсылас команда шашыраңқы күйде жүр", - деді Пономарев.

Магомед Адиев 5 сәуірде "Ахмат" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалған еді. Ол Қазақстан құрамасы мен "Ахматтағы" қызметін қатар алып жүретін болды.

Адиев бас бапкер болып тағайындалғаннан кейін "Ахмат" командасы екі матчқа қатысып, екеуінде де жеңілді. Алдымен "Локомотив" клубына 0:2, кейін "Балтикаға" 1:7 есебімен есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2087891-qalai-oinau-kerek-ekenin-bilmeidi-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-synga-usyrady/