jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Магомед Адиев ресейлік клубтың бас бапкері болып тағайындалды

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ресейлік "Ахмат" клубына бас жаттықтырушы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ахматтың" ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 5 сәуірде "Ахмат" ұжымының жалпыкомандалық жиналысында клуб президенті Магомед Даудов жаңа бас бапкер – Магомед Адиевті таныстырды. Адиев енді Қазақстан құрамасы мен "Ахмат" клубындағы жұмысын қатар алып жүреді.

    "Магомед Мұсаұлы Грозный қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Адиев өзі тәрбиеленген клубта ("Ахматта") ойнады, онымен бірге Ресей кубогын жеңіп алды. Ол сондай-ақ грозныйлықтардың бас жаттықтырушысының көмекшісі болып жұмыс істеді, екінші команданың бас бапкері болды.

    Қазір Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасын басқарады. Бұл командамен бірге тарихи нәтижелерге қол жеткізді. Маман клуб пен құрамадағы жұмысты қатар алып жүреді", – делінген "Ахмат" командасының ресми сайтындағы ақпаратта.

    Айта кетейік, Магомед Адиев 2022 жылдан бері футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарып келеді.

    Магомед Адиев ресейлік клубтың бас бапкері болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.