Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ювентус" – "Милан": Айдын Қожахметтің болжамы

Жарияланған күні:

Parimatch
Фото: Parimatch

Италия чемпионы анықталды, ол чемпиондық "Интердің" қанжығасына байланды. "Ювентус" пен "Милан" болса, турнир кестесінің екінші қатарынан орын алу үшін шайқасуға тиіс. Туриндіктер "россонериден" артта қалу қашықтығын қысқартуға жақсы мүмкіндік алып отыр.

  • 27 сәуір 21: 00
  • А Сериясы
  • "Альянц Стэдиум" (Турин)

"Ювентус"

"Кәрі синьора" Кубоктың финалына шықты, бұл жағдай сәтсіз маусымның ащысын аздап басты. Егер Макс Аллегридің тәлімгерлері туған аренасында бұрыннан келе жатқан қас жауы "қызыл-қара" қарсыласын жеңе алса, одан да жағымды жаңалық болар еді.

Туриндіктердің алленаторы Мойза Кенаны дәрігерлер сауықтырып, сапқа тұрғызып үлгермесе, оған үміт арта алмайды. Бірақ қарсыластың қандай қиындықтарға тап болғанын ескерсек, бұл жағдайдың өзі де проблема емес.

"Ювентустың" соңғы 5 матчы

  • Лацио – Ювентус 2:1
  • Кальяри – Ювентус 2:2
  • Торино – Ювентус 0:0
  • Ювентус – Фиорентина 1:0
  • Ювентус – Лацио 2:0

"Милан"

"Интер" Милан дербиінде "Скудеттоны" жеңіп қана қоймады, бұндай жағдай бұрын-соңды болған емес, бұған қоса бұл жеңіліс Стефан Пиолидің командасына үлкен шығын әкелді. "Ювентуспен" шайқаста оған қорғаушылардың қажетті санын жинау қиынға соғатыны анық, өйткені Тиау, Эрнандес, Томори мен Калабрия шеттетілуіне байланысты бұл кездесуді өткізіп жібереді, ал Калулу мен Кьяер әлі де жарақат алғандар қатарында. Сонымен қатар жартылай қорғаушы Побегаға да үміт арта алмайды.

"Миланның" соңғы 5 матчы

  • Милан - Интер 1:2
  • Рома - Милан 2:1
  • Сассуолло - Милан 3:3
  • Милан - Рома 0:1
  • Милан - Лечче 3:0

Жеке кездесулер тарихы

"Кәрі синьора" "Миланды" соңғы рет өз алаңында 2019 жылы жеңген еді. 5 жыл ішінде 3 тең ойнап, 2 рет жеңіліс тапты. Бірақ қазір алаң иелерінің бұл серияны бұзуға барлық мүмкіндігі бар.

Мачтқа болжам

"Ювентус" "Миланның" қиын кадрлық жағдайын пайдаланып, жеңіске жететініне сенімдімін. Parimatch-тағы достарым бұл оқиғаны 2.03 коэффициентімен бағалауда.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2091791-iuventus-milan-aidyn-qozhahmetting-bolzhamy/