Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысуы мүмкін

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: fc-akhmat.ru

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спорт журналисі Бек Төлеудің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ертең Адиевті шапан кигізіп шығарып салатын күн. 29 сәуірде Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысады", – деп жазды Бек Төлеу.

Бүгін, 29 сәуірде сағат 11:00-де Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтпек.

Айта кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бері басқарады. Оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасының келесі дивизионына көтерілді. Сонымен қатар Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 3-орынға ие болды.

Осы жылдың 5 сәуірінде Адиев ресейлік "Ахмат" командасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол Қазақстан құрамасы мен ресейлік клубтағы қызметін қатар алып жүруді шешкен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2092685-bugin-futboldan-qazaqstan-quramasynyng-bas-bapkeri-auysuy-mumkin/