Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан футбол федерациясының президенті Адиевтің құрамадағы болашағы туралы айтты

Жарияланған күні:

Магомед Адиев және Әділет Барменқұлов
Магомед Адиев және Әділет Барменқұлов. Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевтің командадағы болашағы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ахматтың" басшылығы маған Магомед Адиевпен жұмыс істеуге қатысты жүгінгені құпия емес. 1 маусымға дейін созылатын жеке демалыс кезеңінде Магомед Мұсаұлы қалаған жерінде жұмыс істей алады. Ол демалыс кезінде туған клубына көмектесуге шешім қабылдады, мен бұл шешімді қолдадым. 1 маусымнан бастап команданың бас бапкері келісімшартқа сәйкес өз жұмысына оралады. Қос жұмысты алып жүру мәселесіне келетін болсақ, біз осы нұсқаларды қарастырамыз. Талдау жүргізіп, егер бұл ұлттық құрамаға зиян тигізетін болса, басқа шешімдер іздейміз", – деді Барменқұлов.

Айта кетейік, Магомед Адиев 5 cәуірден бастап ресейлік "Ахмат" командасының бас бапкері қызметін атқарып жүр. Ол Қазақстан құрамасы мен ресейлік клубтағы жұмысын қатар алып жүруді шешкен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2093042-qazaqstan-futbol-federatsiiasynyng-prezidenti-adievting-quramadagy-bolashagy-turaly-aitty/