Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнольд Кнауб қатысқан турнир қалай өтті және кім жеңді

Опубликовано:

Арнольд Кнаубпен турнир
Фото: Parimatch

27 сәуірде Алматыда Арнольд Кнаубпен ашық жаттығу мен турнир өтті. Іс-шараға қатысушылар "Қайрат" стадионының шағын алаңында жиналып, ашық жаттығулар, командалар арасындағы бірнеше матчтар және одан кейінгі марапаттау рәсімін өткізді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Parimatch беттинг компаниясы мен Арнольд Кнауб барлық қатысушыларды қуана қарсы алып, бәрі аяқталған соң жеңімпаздарды қуаныш сезімімен марапаттады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 300 000 теңгені құраған.

"Қарапайым адамдардың мұндай бастамаларға қатысуға мүмкіндігі бар екені жүрекке жылу береді. Мұнда футболды жақсы көретін және жеңісті көздеген көптеген жігіттер жиналды. Бұл өте керемет іс-шара, спорттық көңіл күйге бөлейді. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін!",- деп іс-шараға қатысушы өз ойын бөлісті.

Турнирге 5 командаға бөлінген 30-дан астам адам қатысты. Командаға берілетін бас жүлдеден басқа, ойын барысында өз қабілетімен ерекшеленген қатысушылар үшін жеке сыйлықтар да болды. Жарысқа қатысушылардан басқа, жанкүйерлер де алаңның айналасына жиналып, өздерінің фавориттеріне қолдау көрсетті. Бүкіл іс-шара музыкамен, керемет атмосферамен және қарқынды футбол ойынымен сүйемелденді.

Арнольд Кнаубпен турнир
Фото: Parimatch

"Мен және менің командам турнирде жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымыз! Осындай керемет іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Parimatch-қа алғысымды білдіремін! Бүгін бізбен бірге Арнольдтың болғаны қуанышқа бөлейді, оның қолдауы ерекше сезіледі. Мұнда футболды жақсы көретін адамдар жиналды, мен әркімнің осындай жеңіске лайық екеніне сенімдімін", - деп турнирде жеңіске жеткен "Шымкент" командасының қатысушысы өз пікірін бөлісті.

Арнольд Кнаубпен турнир
Фото: Parimatch

Осы іс-шарамен Parimatch өзінің амбассадоры Арнольд Кнаубпен бірлесіп, тағы да қазақстандықтар арасында спортты дамытуға қатысудағы үлесінің зор екендігін дәлелдеп, жас және үміт артатын спортшыларды қолдайтынын көрсетті.

"Бүгін біз демалыс күндері спортқа уақыт бөлуге дайын көптеген адамдарды жинай алғанымызға қуаныштымыз. Біз айналамызда пікілес адамдарды көргенді, әуесқой спорт түрлеріне барлық жағдайды жасағанды ұнатамыз. Барлығы кәсіби спортшы бола бермейді, бірақ спорт адам қалаған көріністе барлығына қол жетімді екендігін атап өткім келеді. Бүгін бұл футбол, ертең теннис, баскетбол немесе, мысалы, жүзу - таңдау ауқымы үлкен, ал біз өз кезегінде белсенділік үшін көбірек орын беруге тырысамыз", - деп Parimatch Kazakhstan коммуникациялар бөлімінің басшысы Мария Богородская өз сөзінде айтып өтті.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2093627-arnold-knaub-qatysqan-turnir-qalai-otti-zhane-kim-zhengdi/

pixel