Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осы сәтті көп күттім": 18 жастағы қазақ футболшыcы Роналдоның клубына қосылды

Опубликовано:

Мохаммед Еңсебаев
Мохаммед Еңсебаев. Фото: instagram.com/rvcantera

18 жастағы қазақ футболшысы Мұхаммед Еңсебаев испаниялық "Реал Вальядолид" футбол клубының жастар командасына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұхаммед Еңсебаев "Реал Вальядолид" футбол клубымен үш маусымға келісімшартқа отырды. Бұл клубтың негізгі акционерлерінің бірі – әйгілі бразилиялық футболшы Роналдо.

"Осы сәтті көп күттім. Әр күн сайын жаттығуда мықтылығымды дәлелдеп, бапкерлер штабының көзіне түстім. Содан кейін маған келісімшарт ұсынды, мен қуана қол қойдым. Енді маған қойылатын талаптың бәрін орындауым керек.

Алдағы уақытта оқу-жаттығу жиындары болады. Сол кезде өзімді көрсетуге мүмкіндік туады. Ал үш айдан кейін чемпионат басталады. Оған дейін денемді жаттықтырып, негізгі құрамға орнығып, үздік ойын көрсетуім керек. Қолымнан келетіннің бәрін жасауға тырысамын", – деді жас футболшы.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Мұхаммед Еңсебаевтың трансферлік нарықтағы құны – 100 мың еуро.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2094398-18-zhastagy-qazaqstandyq-futbolshy-ronaldonyng-klubyna-qalai-qosylganyn-aitty/

pixel