jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Келісімшартты ұзартпаймын": Килиан Мбаппе ПСЖ-дан кететінін ресми түрде мәлімдеді

    Килиан Мбаппе
    Килиан Мбаппе. Фото: Catherine Steenkeste/Getty Images

    Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе осы маусымның соңында ПСЖ-дан кететінін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы футболшы Instagram желісіндегі ресми парақшасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Мен уақыты келгенде мәлімдеме жасайтынымды үнемі айтып жүрдім. Бұл менің ПСЖ-дағы соңғы жылым болғанын хабарлаймын. Келісімшартты ұзартпаймын. Мұндағы жұмысым бірнеше аптадан кейін аяқталады. Жексенбіде "Парк де Пренс" cтадионында ПСЖ сапындағы соңғы ойынымды өткіземін", - деді Мбаппе.

    25 жастағы Мбаппе париждік клубта 2017/18 маусымнан бері ойнап келеді, содан бері ол команда тарихындағы үздік бомбардир атанды. Ол барлығы 306 матчта 255 гол соққан.

    Киллиан ПСЖ-да жеті маусым өткізді, осы уақыт ішінде ол 14 жүлде жеңіп алды. Оның алтауы Франция чемпионы атағы және үшеуі ұлттық кубок.

    Мбаппенің париждік командамен келісімшарты осы жазда аяқталады. Ол клубтан тегін, еркін агент ретінде кетеді. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы қазіргі құны – 180 миллион еуро.

    "Келісімшартты ұзартпаймын": Килиан Мбаппе ПСЖ-дан кететінін ресми түрде мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.