MLS лигасының ойыншыларының жалақысы туралы ақпарат пайда болды. Олардың арасында атақты "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси лигадағы ең жоғары жалақыға ие, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ MLS лигасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Футболдан Аргентина құрамасының капитаны Мессидің америкалық клубтағы жалақысы 12 миллион АҚШ долларын құрайды.
Ең жоғары жалақы алатын 10 ойыншы:
- Лионель Месси ("Интер Майами") — $ 12 млн;
- Серхио Бускетс ("Интер Майами") — $ 8,5 млн;
- Лоренцо Инсинье ("Торонто") — $ 7,5 млн;
- Шердан Шакири ("Чикаго Файр") — $ 7,35 млн;
- Эмиль Форсберг ("Нью-Йорк Ред Буллз") — $ 5,4 млн;
- Эктор Эррера ("Хьюстон Динамо") — $ 4,75 млн;
- Себастьян Дриусси ("Остин") — $ 4,5 млн;
- Кристиан Бентеке ("Ди-Си Юнайтед") — $ 4,25 млн;
- Карлес Хиль ("Нью-Инглэнд Революшн") — $ 4 млн;
- Хани Мухтар ("Нэшвилл") — $ 3,8 млн.
Еске салайық, Месси өткен жазда "Интер Майамиге" өткен жылы ауысты. Осы кезеңде ол барлық турнирлерде 26 матчқа қатысып, 23 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2102396-lionel-messiding-aqsh-ta-qansha-zhalaqy-alatyny-belgili-boldy/