Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан футбол лигасының жаңа президенті сайланды

Жарияланған күні:

Ғани Қайназаров
Ғани Қайназаров. Фото: qfl.kz

Ғани Қайназаров QFL президенті ретінде қызметіне кірісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QFL ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шешім Лигаға мүше клубтар өкілдерінің кезектен тыс отырысында қабылданды. Дауыс берушілердің көпшілігі QFL жаңа басшысының кандидатурасын мақұлдады.

Ғани Қайназаровтың футболдағы тәжірибесі мол. Ол әр уақытта "Қайрат" пен "Тараз" клубтарында өнер көрсетіп, ұлттық құраманың да намысын қорғады. 1996 жылы "Тараз" сапында ел чемпионы атанды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының спорт шебері. Футболшы мансабын аяқтаған соң, "Тараз" футбол клубының президенті, "Астана" ФК спорт директоры қызметтерінде болды. Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясында құрама командалар департаментінің директоры болып та жұмыс істеді. 2024 жылдың 2 сәуірінде QFL вице-президенті ретінде тағайындалды.

Еске салайық, елде білікті маман жоқ деген Қазақстан футбол лигасының бұрынғы президенті қызметінен өз еркімен кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2102507-qazaqstan-futbol-ligasynyng-zhanga-prezidenti-sailandy/