jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Елде білікті маман жоқ деген Қазақстан футбол лигасының президенті қызметінен кетті

    Рафаэль Гарибян
    Рафаэль Гарибян. Фото: qfl.kz

    Рафаэль Гарибян Қазақстан футбол лигасының (QFL) президенті қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ QFL ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан футбол лигасының мәліметінше, Рафаэль Гарибянның қызметтен кетуіне басқа жұмысқа ауысуы себеп болған.

    "Рафаэль Гарибян QFL (бұған дейін - ҚКФЛ) президенті лауазымына 2023 жылдың 2 мамырында тағайындалған болатын. Оның басшылығымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Айта кетсек, Лига ребрендингі, жаңа регламенттердің қабылдануы, маркетингтік стратегия, жаңа демеушілердің келуі және басқа да жобалар. Бұл жобалар еліміздегі клубтық футболдың дамуына ерекше үлес қосты", - делінген QFL сайтындағы ақпаратта.

    Жаңа басшыны сайлау мәселесі жақын уақытта Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланбақ.

    Айта кетейік, "Ордабасы" футбол клубының президенті Бауыржан Абдубаитов денсаулығына байланысты қызметінен кеткен еді.

    Елде білікті маман жоқ деген Қазақстан футбол лигасының президенті қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.