Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей тарихындағы үздік сұрмерген "Қайрат" футбол клубының бапкері атануы мүмкін

Жарияланған күні:

Александр Кержаков
Александр Кержаков. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

"Зенит", "Севилья" футбол клубтарының бұрынғы ойыншысы және Ресей құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген Александр Кержаков алматылық "Қайрат" командасын басқаруы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, Кержаков Алматыға келді. Ол "Қайраттың" басшылығымен келісімшартты талқылап жатыр.

Осыған дейін команданы Кирилл Кекер жаттықтырған. Оның жалақысы шамамен бір миллион теңге болатын. Александр Кержаковтың "Қайраттағы" табысы бұрынғы басшының жалақысынан айтарлықтай ерекшеленбейді деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ дереккөз маманға бірнеше жылға ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынылатынын атап өтті.

Кержаков – Ресей құрамасының (30 гол) және "Зениттің" (163 гол) тарихындағы үздік сұрмерген. Ол бапкерлік мансабын 2018 жылы 17 жасқа дейінгі Ресей құрамасын жаттықтырған кезде бастады. Сондай-ақ Александр "Том", "Нижний Новгород", кипрлік "Кармиотисса" және сербиялық "Спартак" командаларын баптаған.

Айта кетейік, "Қайрат" футбол клубы негізгі командасының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кеткен еді. Қазіргі таңда алматылық клубтың бас жаттықтырушысының міндетін уақытша "Қайрат-Жастардың" аға бапкері Рафаэль Уразбахтин атқарып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2103455-resei-tarihyndagy-uzdik-surmergen-qairat-futbol-klubynyng-bapkeri-atanuy-mumkin/