jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Ресми: "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды

    Кирилл Кекер
    Кирилл Кекер. Фото: kff.kz

    Кирилл Кекер "Қайрат" футбол клубы негізгі командасының бас бапкері қызметінен ресми түрде босатылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қайрат" командасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    44 жастағы бапкер өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдаған. Бірақ ол "Қайрат" ФК жүйесінде жұмысын жалғастыра бермек.

    Кекер негізгі команданы 2022 жылғы маусымнан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен "сары-қаралар" 60 матч өткізіп, 29 ойында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсті, 16 рет қарсыластарына есе жіберді. Осы кезеңде "Қайрат" ФК Академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

    4 мамырда "Атырауға" қарсы өтетін матчқа команданы бұған дейін "Қайрат-Жастарды" басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.

    Ресми: "Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.