Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тони Кроос футболдағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Тони Кроос
Тони Кроос. Фото: instagram.com/toni.kr8s

Германия құрамасының және "Реал Мадрид" футбол клубының ойыншысы Тони Кроос Еуропа чемпионатынан кейін мансабын аяқтайды. Бұл туралы футболшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл шешім менің қазіргі футболшы ретіндегі мансабым осы жазда Еуропа чемпионатынан кейін аяқталатынын білдіреді. Менің әрдайым айтатыным: "Реал" менің соңғы клубым болды және болады. Мен өз шешіміме дұрыс уақыт тапқаныма және оны өзім қабылдай алғаныма қуаныштымын және мақтанамын. Мен әрқашан мансабымды өз деңгейімнің шыңында аяқтауға тырыстым", - деп жазды футболшы.

Кросс 2014 жылдан бері "Реал Мадридте" ойнап келеді. Осы кезеңде футболшы барлық турнирде 463 матчқа қатысып, 28 гол соқты, 98 нәтижелі пас берді.

Мансап барысында Кроос "Бавария" мен "Байер" сапында да өнер көрсетті. Ол – Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Испанияның төрт дүркін, Германияның үш дүркін чемпионы. Германия ұлттық құрамасында 108 матч өткізіп, 2014 жылы әлем чемпионы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2104491-toni-kroos-futboldagy-mansabyn-aiaqtaitynyn-malimdedi/