Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жастағы қазақстандық футболшының командасы келесі маусымда "Реал" мен "Барселонаға" қарсы ойнайды

Жарияланған күні:

Мохаммед Еңсебаев
Мұхаммед Еңсебаев. Фото: instagram.com/rvcantera

Испаниялық "Реал Вальядолид" футбол клубы келесі маусымда елдің ең жоғары ұлттық чемпионаты Ла Лигаға қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ команданың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетейік, осы жылдың көктемінде 18 жастағы қазақстандық футболшы Мұхаммед Еңсебаев ресми түрде "Вальядолид" жастар құрамасының ойыншысы атанды. Ол келесі маусымда "Вальядолид Б" командасында өнер көрсетеді.

Аталмыш клубтың негізгі командасы "Реал Вальядолид" Сегунданың (екінші дивизион) 41-турындағы ойында "Вильярреал B" ұжымын жеңіп, Ла Лигаға өтті. Команда соңғы турда жеңіске жетсе, екінші дивизионның чемпионы атана алады.

Қазір "Вальядолид" Сегунда кестесінде 72 ұпаймен көш бастап тұр. 2 маусым күні "Тенерифеге" қарсы ойын өткізіп, турнирдің чемпиондығына таласады.

Айта кетейік, "Реал Вальядолидтің" негізгі акционері – аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Роналдо.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2108265-18-zhastagy-qazaqstandyq-futbolshynyng-komandasy-kelesi-mausymda-real-men-barselonaga-qarsy-oinaidy/