Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнольд Кнауб: Алматыдағы ашық жаттығу және өзінің футбол мансабының басталуы туралы

Жарияланған күні:

Арнольд Кнауб
Арнольд Кнауб. Фото: Parimatch

Футзал ойыншысы және Parimatch амбассадоры Арнольд Кнауб Алматыда ашық жаттығудың қалай өткендігі, футзалдың дамуы мен өзінің балалық шағы туралы айтып берді.

- Алматыда өткен ашық жаттығу несімен есте қалды?

- Ашық жаттығу маған жағымды әсер қалдырды. Біз жағымды атмосфера құрып, керемет эмоциялар ала алдық, сондықтан бәрімізде өте жағымды естеліктер қалды деген ойдамын. Іс-шара барлық қатысушыға ұнады деп үміттенемін.

- Қазақстанда әуесқой спортты, атап айтқанда футболды дамыту туралы не ойлайсыз? Біз жақта бұл мәселе қалай дамып жатыр?

- Әуесқой спортқа, атап айтқанда футболға қатысты – менің ойымша, ол жақсы дамыған, өйткені соңғы жылы Қазақстан әуесқой футболдан әлем және Еуропа чемпионы атанды, бұл тек соңғы жылы орын алған жағдай. Бұрын да көгалды алаңда 6-ға 6 ойындарында қандай да бір жетістіктерге қол жеткізген еді. Әрине, бұл жетістіктерге кәсіби футбол ойыншыларының көмегінсіз қол жеткізілмес еді, бірақ негізгі еңбек әуесқойларға тиесілі.

- Айтпақшы, сіз бір кездері бұл ойынды ауладан бастаған боларсыз. Ол қалай болды, қандай естеліктер қалды?

- Иә, әрине, мен 4 жасымда аулада ойнап бастаған едім. Мен өзімнен үлкенірек балалармен ойнаған болатынмын, Қарағанды қаласында. Есімде тек жағымды естеліктер бар. Мен 9 жасымда футболмен көбірек айналыса бастап, Тұлпар футбол секциясына бардым, онда өзімді жақсы көрсетуге тырыстым. Осының арқасында маған ауладағы ойындарда бәсекелес жігіттер жоқ болған.

- Допты кәсіпқойлармен емес, жай ғана көңіл көтеру үшін қуғыңыз келетін уақыттар бола ма?

- Әрине, жастармен ойнауға деген ниет әрқашан болып тұрады. Денсаулық пен менің жұмыс кестем мүмкіндік бергенде, мен әуесқойлық деңгейде ойнайтын немесе мансабын енді бастаған адамдармен ойын өткізетін мүмкіндік болса, оған әрқашан қуаныштымын. Әсіресе, жазда Қарағандыға оралып, Тұлпарға барғанымда, өскелең ұрпаққа көз шалсам, соған қуаныштымын.

Біздің достарымызбен бірге жыл сайын 31 желтоқсанда бас қосып, ойын өткізу дәстүрі де бар.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2108319-arnold-knaub-almatydagy-ashyq-zhattygu-zhane-ozining-futbol-mansabynyng-bastaluy-turaly/