Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті: Магомед Адиев себебін айтты

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді. Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті. ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды.

Еске салайық, 5 сәуірде Магомед Адиев ресейлік "Ахмат" клубына бас жаттықтырушы болып тағайындалған еді. Магомед Мұсаұлы Грозный қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Адиев өзі тәрбиеленген клубта ("Ахматта") ойнады, онымен бірге Ресей кубогын жеңіп алды. Ол сондай-ақ грозныйлықтардың бас жаттықтырушысының көмекшісі болып жұмыс істеді, екінші команданың бас бапкері де болған.

Айта кетейік, Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 2022 жылы тағайындалған еді. Ұлттық құрамамен бірге Еуро-2024-ке іріктеу турнирінде рекордты көрсеткіш көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2109951-magomed-adiev-qyzmetinen-ketti/