jitsu gif
Спорт

    Қазақстан құрамасы футболдан Еуро-2025 турниріне іріктеу кезеңінде Арменияны ұтты

    Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншылары
    Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншылары. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Армения командасын жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Бірінші таймда Қазақстан құрамасы сапынан Александра Бурова мен Аида Гайстенова гол салды. Содан кейін армениялықтар есеп айырмасын қысқартты (2:1).

    Екінші таймда Қазақстан құрамасының капитаны Бибігүл Нұрышева қарсыластың қақпасына үшінші голды соқты. Сәлден кейін Әселхан Тұрлыбекова мергендік танытты. Осылайша, бұл ойын 4:1 есебімен қазақстандық футболшылардың пайдасына шешілді.

    Ұлттық құрама C4 іріктеу тобында бірінші рет жеңіске жетіп, үш ұпай жинады. Келесі матчты Қазақстан командасы 12 шілдеде өз алаңында Румынияға қарсы өткізеді. Ал 16 шілдеде Болгариямен сырт алаңда ойнайды.

    Қазақстан құрамасы футболдан Еуро-2025 турниріне іріктеу кезеңінде Арменияны ұтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.