Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуро-2024 турнирі: жарыс кестесі, қатысатын құрамалар және тікелей трансляция

Жарияланған күні:

Еуро-2024 логотипі
Еуро-2024 логотипі. Фото: Lukas Schulze - UEFA/UEFA via Getty Images

14 маусымда Германияда футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты басталады. KAZ.NUR.KZ тілшісі осы турнир жайлы маңызды мәліметтерді ұсынады.

Жарыстың алғашқы матчында Германия құрамасы Шотландиямен кездеседі. Бұл ойын Мюнхендегі "Альянс Аренада" өтеді. Ал чемпионаттың финалы 14 шілдеде Берлиндегі "Олимпиада" стадионында болады.

Турнир матчтары Германияның 10 қаласындағы алаңда өтеді:

  • "Олимпиада" стадионы (Берлин);
  • "Вестфаленштадион" (Дортмунд);
  • "Дюссельдорф Арена" (Дюссельдорф);
  • "Арена АуфШальке" (Гельзенкирхен);
  • "Франкфурт Арена" (Франкфурт-на-Майне);
  • "Фолькспаркштадион" (Гамбург);
  • "Кельн Штадиум" (Кельн);
  • "Лейпциг Штадиум" (Лейпциг);
  • "Арена Мюнхен" (Мюнхен);
  • "Штутгарт Арена" (Штутгарт).

Қатысушылар және топтардың құрамы

Тарихта үшінші рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде 24 команда бақ сынамақ. Қатысушылар қатарына Германия қожайын ретінде қосылды, қалған командалар іріктеу турнирі немесе плей-офф кезеңі арқылы өтті. Қазақстан құрамасы наурызда Еуро-2024 жолдамасы үшін өткен плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиядан жеңіліп қалған еді.

Футболдан Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалар
Футболдан Еуропа чемпионатына қатысатын құрамалар. Фото: uefa.com

Жарыс қатысушылары алты топқа бөлінген. Әр топтың екі үздік командасы плей-офф кезеңіне тікелей жолдама алады. Сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған төрт мықты команда 1/8 финалға өтеді. Осылайша топтық кезеңнен кейін 24 команданың сегізі жарыстан шығады.

Сербия мен Грузия құрамалары осы жылы Еуро-2024 турниріне алғаш рет қатыспақ. Футболдан Еуропа чемпионатының қазіргі жеңімпазы – Италия құрамасы.

Турнирді қайдан көруге болады?

Еуро-2024 жарысын Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Бұл телеарналардың сайттары арқылы да матчтарды тамашалауға болады.

Жарыс кестесі

Еуро-2024 ашылу салтанаты алғашқы матчқа санаулы минут қалғанда өтеді. Қазақстан уақыты бойынша Еуропа чемпионаты матчтарының толық кестесі төмендегідей:

1-тур

  • 14 маусым. 00:00. Германия - Шотландия;
  • 15 маусым. 18:00. Мажарстан - Швейцария;
  • 15 маусым. 21:00. Испания – Хорватия;
  • 15 маусым. 00:00. Италия - Албания;
  • 16 маусым. 18:00. Польша - Нидерланд;
  • 16 маусым. 21:00. Словения - Дания;
  • 16 маусым. 00:00. Сербия - Англия;
  • 17 маусым. 18:00. Румыния - Украина;
  • 17 маусым. 21:00. Бельгия - Словакия;
  • 17 маусым. 00:00. Аустрия - Франция;
  • 18 маусым. 21:00. Түркия - Грузия;
  • 18 маусым. 00:00. Португалия - Чехия.

2-тур

  • 19 маусым. 18:00. Хорватия - Албания;
  • 19 маусым. 21:00. Германия - Мажарстан;
  • 19 маусым. 00:00. Шотландия - Швейцария;
  • 20 маусым. 18:00. Словения – Сербия;
  • 20 маусым. 21:00. Дания - Англия;
  • 20 маусым. 00:00. Испания - Италия;
  • 21 маусым. 18:00. Словакия - Украина;
  • 21 маусым. 21:00. Польша - Аустрия;
  • 21 маусым. 00:00. Нидерланд - Франция;
  • 22 маусым. 18:00. Грузия - Чехия;
  • 22 маусым. 21:00. Түркия - Португалия;
  • 22 маусым. 00:00. Бельгия - Румыния.

3-тур

  • 23 маусым. 00:00. Швейцария - Германия;
  • 23 маусым. 00:00. Шотландия - Мажарстан;
  • 24 маусым. 00:00. Албания - Испания;
  • 24 маусым. 00:00. Хорватия - Италия;
  • 25 маусым. 21:00. Нидерланд – Аустрия;
  • 25 маусым. 21:00. Франция - Польша;
  • 25 маусым. 00:00. Англия - Словения;
  • 25 маусым. 00:00. Дания - Сербия;
  • 26 маусым. 21:00. Словакия - Румыния;
  • 26 маусым. 21:00. Украина - Бельгия;
  • 26 маусым. 00:00. Грузия - Португалия;
  • 26 маусым. 00:00. Чехия - Түркия.

1/8 финал

  • 29 маусым. 21:00 және 00:00;
  • 30 маусым. 21:00 және 00:00;
  • 1 шілде. 21:00 және 00:00;
  • 2 шілде. 21:00 және 00:00.

1/4 финал

  • 5 шілде. 21:00 және 00:00;
  • 6 шілде. 21:00 және 00:00.

1/2 финал

  • 9 шілде. 00:00;
  • 10 шілде. 00:00.

Финал

  • 14 шілде. 00:00.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында екі жолдастық кездесу өткізген еді. Жерлестеріміз екі ойында да жеңіліп қалды. Әуелі Армения құрамасына 2:1, кейін Әзербайжанға 3:2 есебімен есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2116269-euro-2024-turniri-zharys-kestesi-qatysatyn-quramalar-zhane-tikelei-transliatsiia/