Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бешікташ" басшылығы Бахтиер Зайнутдиновтің трансфері жайлы жазған журналисті сотқа бермек

Жарияланған күні:

Бақтиер Зайнутдинов
Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Ahmad Mora/DeFodi Images via Getty Images

Түркиялық "Бешікташ" футбол клубының басшылығы қазақстандық ойыншы Бахтиер Зайнутдинов және португалиялық Жедсон Фернандештің ресейлік "Зенитке" трансфері туралы жазған журналист Гекхан Динчті сотқа бермек. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ serencebey.com.tr сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, Динч аталған трансферлер туралы ықтимал ақпаратты жариялаған. Ол "Бешікташ" Бахтиер Зайнутдиновты "Зенитке" 25 миллион еуроға, ал Фернандешті 5 миллион еуроға сатуға дайындалып жатқанын жазған. Бұның бәрі Жедсонның бұрынғы "Бенфика" клубы футболшыны қайта сату сомасының 50 пайызын аз мөлшерде алуы үшін жасалған көрінеді. "Бешікташтың" президенті Хасан Арат журналистің жарияланымына ашуланып, жала жапқаны үшін Гекхан Динчке қарсы талап-арыз дайындауды тапсырды.

Бұған дейін "Зенит" клубы жартылай қорғаушылар Жедсон Фернандеш пен Бахтиер Зайнутдинов үшін "Бешікташқа" 30 миллион еуро ұсынғаны белгілі болды. Аударым сомасының 50 пайызы португалиялық "Бенфиканың" пайдасына түсетіндіктен, Жедсон Фернандештің бағасы 5 миллион еуро, ал Зайнутдиновтікі 25 миллион еуро деп көрсетілмек.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов cтамбұлдық "Бешикташ" командасымен бірге Түркия кубогының жеңімпазы атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2116752-beshiktash-basshylygy-bahtier-zainutdinovting-transferi-zhaily-zhazgan-zhurnalisti-sotqa-bermek/