Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Матс Хуммельс "Боруссия Дортмунд" футбол клубынан кетті

Опубликовано:

Матс Хуммельс
Матс Хуммельс. Фото: Alex Pantling/Getty Images

Германиялық футболшы Матс Хуммельс дортмундтық "Боруссия" командасынан кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

35 жастағы футболшы 13 жыл бойы "Боруссияда" өнер көрсетті. Осы маусымда Хуммельс барлық турнирде жалпы саны 40 матч өткізіп, 4 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.

Клуб сапында Хуммельс Германияның екі дүркін чемпионы атанды, екі рет кубок пен ел Суперкубогын жеңіп алды. Биыл дортмундтық "Боруссия" Чемпиондар лигасының финалына дейін жетіп, мадридтік "Реалдан" 2:0 есебімен ұтылып қалған еді.

Кеше, 14 маусымда команданың бас бапкері Эдин Терзич те қызметінен кеткен болатын. Ол "Боруссияға" 2022 жылдан бері жетекшілік етті.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2117676-mats-hummels-borussiia-dortmund-futbol-klubynan-ketti/