Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік бапкер Угаров: Нұралы Әліптің деңгейі Ресей чемпионатында ойнауға ғана жетеді

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Қайрат Боранбаевтың Әліпке "ПСЖ", "Манчестер Сити" сияқты клубтардың қызығушылық танытқаны туралы мәлімдемесін "Зенит" футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Угаров сынға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Vprognoze.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Дәл қазір "Фантазер" әнін қосып тыңдау керек. Бұл күлкілі. Менің ойымша бұл келісімшартты ұзарту үшін басталған әңгіме болуы мүмкін. Әйтпесе олар Әліпті қайдан көрді? Ол қайда ойнады? Ол еуропалық деңгейде ойнаған жоқ. Ол тек Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті. Ал ұлттық құрамаға не болды? Еуропа чемпионатына жолдама ала алмады. Біз қазір Еурода қандай футболшылардың ойнап жүргенінін және олар қандай клубтарда өнер көрсететінін көріп жүрміз. Сол себепті бұл мәселе жөнінде артық айту екіталай. Бұндай әңгімені айту үшін, ең алдымен, оған "Зенитте" тұрақтап қалу керек.

Менің ойымша, қазір Нұралы Әліп Чемпиондар лигасында ойнайтын ортанқол команданың да деңгейінде емес. Қазіргі уақытта оның деңгейі - Ресей. Ал егер ол бір нәрсеге наразы болса, ол Қазақстанға оралып, "Қайратта" ойнай алады", - деді Угаров.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп 2022 жылдан бері "Зенитте" өнер көрсетіп келеді. Алдымен "Қайраттан" жалға алынып, содан кейін "Зенит" футбол клубы 2 миллион еуроға сатып алды. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 3 миллион еуроға бағалайды.

Өткен аптада Нұралы Әліпке "ПСЖ" мен "Манчестер Сити" футбол клубтарынан ұсыныс түскені туралы ақпарат тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2118618-reseilik-bapker-ugarov-nuraly-alipting-denggeii-resei-chempionatynda-oinauga-gana-zhetedi/