Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұралы Әліпке "ПСЖ" мен "Манчестер Сити" футбол клубтарынан ұсыныс түсті

Опубликовано:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: instagram.com/nurik028

Қазақстандық футболшы Нұралы Әліпке франциялық "ПСЖ" және англиялық "Манчестер Сити" командаларынан ұсыныс түскен. Бұл туралы "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев блогер Артур Асқарұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бізде "ПСЖ" және "Ман Ситиден" ұсыныс бар. Жалпы, ортақ әңгіме деуге болады. Басқа клубтардан да ұсыныстар түсіп жатыр", - деді Қайрат Боранбаев.

Айта кетейік, қазір Нұралы Әліп ресейлік "Зенит" футбол клубында ойнайды. Ол осы маусымда 37 матч өткізіп, 1 гол соқты. Сондай-ақ Ресей чемпионы атанды және ел кубогын жеңіп алды.

Нұралы – Ақтаудың тумасы. Сегіз жасынан бастап "Каспий" академиясында футболмен айналысқан. 2015 жылы "Қайрат" академиясына ауысып, арада үш жыл өткен соң осы клуб сапында алғаш рет алаңға шықты. Нұралы "Қайрат" сапында жалпы есебі 99 матч өткізген.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының трансферлік нарықтағы құны – 3 миллион еуро.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2118015-nuraly-alipke-pszh-men-manchester-siti-futbol-klubtarynan-usynys-tusti/